Ссылки доступа

Мәскеуде адам қаққан таксиші қырғыз екі айға қамалды


Мәскеу соты қала орталығында бірнеше адамды қаққан такси жүргізуші қырғызды екі айға қамау туралы шешім шығарды. Оқиғадан жеті адам зардап шеккен.

Ұсталған такси жүргізуші Чынгыз Анарбек уулуның адвокаты апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Оқиға Қызыл алаң ауданында 16 маусымда болған. Көлік жолдан шығып кетіп, адамдарды қаққан. Олардың арасында футболдан Әлем чемпионатына келген Мексиканың екі азаматы болған.

Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде таралды:

28 жастағы Чынгыз 20 сағат бойы ұйықтамағандықтан газ бен тежегішті шатастырып алғанын айтты. Ол жасаған ісін мойындап, зардап шеккендерден кешірім сұрады.

XS
SM
MD
LG