Ссылки доступа

Экс-президент Атамбаев үйінің жанында арнайы қызмет жерін сатып алған


Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Шу облысы Кой-Таш ауылындағы өзінің үйі жанындағы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің 9-қызметіне қарасты жерді сатып алған. Бұл туралы ҰҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет мәліметі бойынша, 1980-жылдары ауыл жерлері ҰҚМК-не саяжай үйлерін салуға берілген. 2017 жылы Атамбаев үйінің жанындағы жер 9-қызметке президент күзеті үшін берілген. Алмазбек Атамбаевтың президенттік мерзімі аяқталған соң бұл жер оған сатылған.

Құжаттарда ҰҚМК жері ауыл шаруашылық қызметіне арналғаны жазылған. Шын мәнінде ол жерде шағын үй, қосымша құрылыс және аула тұр, қалған аумағына ағаш отырғызылған. Мемлекет бұл жерлерді арнайы қызметке пайдалануға берген.

Экс-президент Алмазбек Атамбаев қазіргі таңда "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында тұрады, ол бұл жерге 89 млн сомға (1,3 млн доллар) үй салып алды. Журналистерге сұхбатында Атамбаев Кой-Ташта тұрғысы келетінін, бірақ "әйелі қалада тұрғанды қалайтынын" айтқан.

XS
SM
MD
LG