Тиісті тапсырма Кремльдің ресми сайтында 26 маусым күні жарияланды. Тапсырманы орындауға 31 тамызға дейін уақыт берілген.
Бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Зубов ведомство Ресей азаматтығын алу процедурасын жеңілдету жұмысына қызу кіріскенін мәлімдеген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, рұқсат беру тәртібі ең алдымен "Украина аумағынан қашқан босқындарға жеңілдетілмек".