Ссылки доступа

Түркіменстан 40 жасқа дейінгі азаматтарды елден шығармайды


Аэропорт города Туркменабада (архивное фото)
Аэропорт города Туркменабада (архивное фото)

Түркіменстанда елден шығуға қойылған жас шектеуі 40-қа дейін көтерілді, деп хабарлады Азатлыктың Дашоғыздағы тілшісі.

"25 маусымда дашоғыздықтар қаланың көші-қон қызметінен азаматтарға шетелге шығуға тыйым жасы 30-дан 40-қа ұлғайтылғанын білді", - деп хабарлады Азатлыктың осы аймақтағы тілшісі.

Сапармырат Түркіменбашы ауданының бір тұрғынының айтуынша, туристік визаға рұқсат сұрағандарға көші-қон мекемесіндегілер "жоғарыдан жас шектеуі туралы нұсқау алғанын" хабарлаған.

"Тыйым себебін сұрағанымда, уәлаятта жұмысқа жарамды ешкім қалмады деп жауап берді", - деді Сапармырат Түркіменбашы ауданының 36 жастағы тұрғыны.

Азатлык радиосы сәуір айының ортасында биліктің 30 жасқа толмағандарды халықаралық рейске жібермегені туралы хабарлаған. Халықаралық рейстерге әйелдерді де жібермеген жағдайлар да тіркелген.

Түркіменстан билігі елден шетелге шығуға тыйымды ресми түрде жарияламайы, тұрғындарға тыйымның себептерін түсіндірмейді.

XS
SM
MD
LG