Ссылки доступа

АҚШ-та Capital Gazette редакциясындағы атыстан бес адам оққа ұшты


Полиция на месте массовой стрельбы в Аннаполисе
Полиция на месте массовой стрельбы в Аннаполисе

АҚШ-тың Аннаполис қаласында (Мэриленд штаты) Capital Gazette газеті редакциясының маңында атыс болды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, атыстан бес адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Атысқа күдікті ұсталды. БАҚ күдіктінің жасы 20-да екенін, ұсталғанда құжаты болмағанын және аты-жөнін айтудан бас тартып отырғанын хабарлады.

Газет қызметкерлерінің бірі қылмыскер басылым қызметкерлеріне кеңсенің әйнек есігінен оқ атқанын айтады.

Құқық қорғау органдары оқиғаны тергеп жатыр. Қылмыскердің шабуылды не үшін жасағаны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG