Ссылки доступа

Самарқандта тарихи ғимаратты аман сақтап қалды (видео)


Исторический дом, расположенный по улице Пушкина в Самарканде.
Исторический дом, расположенный по улице Пушкина в Самарканде.

28 маусымда Самарқанд облыстық соты ЮНЕСКО қорғауындағы үй орналасқан жер телімін Max Real Stroy Invest компаниясына беру туралы қалалық әкімдік шешімінің күшін жойды.

Самарқанд облыстық соты хатшысының айтуынша, бұған дейін қалалық сот Max Real Stroy Invest компаниясының пайдасына үкім шығарған. Компания мұнда құрылыс жұмыстарын жалғастыра берген. "Енді Пушкин көшесіндегі №3 үй сүрілмейтін болды. Бұл үй орналасқан жер телімін Max Real Stroy Invest компаниясына беру туралы қала басшысының шешімі күшін жойды", – деді хатшы.

Самаркандский суд спас от сноса дом с более чем вековой историей
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:39 0:00

Тарихи ғимараттың қожайыны саналатын 44 жастағы самарқандық кәсіпкер Акмал Узаковтың айтуынша, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтың жақында Самарқандқа сапарының ықпалы оң болған.

"Біз жеңіп шықтық. Бұған дейін соттар бізге қарсы болған. Біз қалалық сотта жеңілдік. Бірақ 28 маусымда облыстық сот біздің пайдамызға шешім шығарды. 1906 жылы салынған үйді бұзуға қала әкімі қалай рұқсат бергенін әлі түсінбеймін. Бұл үйде қолбасшы Гай тұрған. Оның тарихы Грузиядан бастау алады. Үйдің қожайыны "Большевик" газетінің баспаханасын басқарған. Ол Самарқандтағы революцияға қатысқан. Кейін Оралға көшкен. Сол жерде ол Колчак армиясы сапында соғысты. Бұл кісі генерал болған. 20-жылдары КСРО Әскери академиясында дәріс берген", – деді Акмал Узаков.

Бұған дейін хабарланғандай, Самарқанд басшысы Фуркат Рахимов қаланың еуропалық бөлігінде 34 нысанның құрылысын тоқтатуға бұйрық берді. Тарихи ғимараттар ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған. 23 маусымда премьер-министр Абдулла Арипов Самарқандқа келіп, қаланың еуропалық бөлігіндегі құрылысты тоқтатуын талап етті.

XS
SM
MD
LG