Ссылки доступа

Түркіменстанда шаруалар мемлекеттік қолдауға зәру


"Ключ к изобилию в руках дайхан", гласит придорожный щит с лозунгом, призывающим фермеров к доблестному труду, Туркменистан, 2018

Түркіменстанның Дашоғыз және Лебап уәлаяттарындағы диқандар ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге қажетті көмекті мемлекеттен ала алмай отыр.

"Биыл мақта өсіруге ешқандай минерал бермеді. Шілде жақындап қалды, мақта еккен шаруалар минералды тыңайтқышты әлі ала алмай жүр", - деп хабарлады жергілікті тұрғын Азатлык радиосына.

Оның айтуынша, бұл күндері Дашоғыздың баролық аудандарында ауыл шаруашылығы техникасы жетіспейді. Жерді жалға алушылар мақта алқаптарын суғаруда көптеген қиыншылықтарға тап болды.

"Уақытынан бұрын егілген мақта су тапшылығынан қурап қалды. Дән салынған соң қырық күннен кейін оған минералды тыңайтқыш беріп, суғару керек. Қазір жетпіс күндік мақта сабағының ұзындығы 9-10 сантиметрге әзер жетеді", - деді Дашогуз агрономы.

"Қазіргі таңда шенеуніктер аудандарда жүздеген гектар жерді алып, барлық техника мен минералды тыңайтқыштарды бірінші кезекте сонда жұмсап отыр. Сол себепті қарапайым диқандар жылда түк жинал алмайды. Шенеуніктер барлық жерді өз бақылауына алуға талпынып отыр", - деді Азатлык тілшісімен сөйлескен шаруа.

Түркіменстанда бидай мен мақта егу және жинау уақытын, сонымен бірге жерді жалға алушылар не егу керектігін біраз жылдардан бері мемлекет басшысы шешеді. Мемлекеттік жоспар орындалмаған жағдайда, шенеуніктерге сөгіс жарияланып, олар қызметтен алынады.

XS
SM
MD
LG