Ссылки доступа

Тәжікстанда ірі өрттен соң базар қызметкерлеріне іс қозғалды


Тәжікстанның тергеу органдары "Султони Кабир" базарының үш жауапты қызметкеріне қарсы қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасы бойынша, 2 маусымда базарда болған өртке осы үш кісінің өз міндеттеріне "салғырт қарағаны" себеп болған.

Өрттен бірнеше қойма мен 21 сауда нүктесі жанып кетті, 3,5 млн. сомони немесе 390 мың доллар шығын келді.

Душанбе қаласының өртке қарсы қызмет басқармасындағы дереккөздің 30 маусымда хабарлауынша, базардың үш қызметкеріне "Абайсызда жойып жібері немесе мүлікке зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер 12 500 сомони айыппұл төлейді немесе түзету жұмыстарынан екі жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, жауапқа тартылған үшеуі де базардың өрт қауіпсіздігі және электр желісіне жауапты адамдар. "Бірнеге ай бұрын өртке қарсы қызмет мамандары "Султони Кабир" базарының өртке қауіпсіздігін тексерген, соған байланысты ескертулер жасалған. Бірақ олар жұмыстарына салғырт қарап, ескертулерді түзетпеген", - деді дереккөз.

Өрт шамамен 30 кәсіпкерге айтарлықтай шығын әкелді. Базар директоры Султон Кабировтың мәлімдеуінше, қазір базарда арнайы өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG