Ссылки доступа

Венгриядағы француз елшісі Будапешт саясатын қолдағаны үшін елге қайтарылды


Эммануэль Макрон

Франция президенті Венгриядағы француз елшісі Эрик Фурньені елге қайтарып алды. Дипломаттың қызметтен кетуіне оның Эммануэль Макронмен құпия хат жазысуының жария болуы себеп болған.

Елші Фурньенің президент Макронға, сонымен бірге Франция сыртқы істер министрлігінің және Еуроодақтың басқарушы органдарына жолдаған қызметтік жазбасы француздың танымал Mediapart сайтында 18 маусымда жарияланды. Онда француз дипломаты Венгрия билігінің миграция мәселелерін шешудегі ұстанымын "үлгі боларлықтай" деп сипаттаған. Mediapart сайтының жазуынша, Фурнье Венгрия шекарасында қабырға тұрғызылғаны, "венгр құқыққорғаушылары мигранттарды резіңке оқпен атуға рұқсат беретін заң қабылдағаны" туралы де ештеңе айтпаған.

Бұған қоса, елші Венгрия Конституциясына енгізілген өзгерістерді қолдап шыққан. Бұл заң "шетел халықтарына" елге орналасуына тыйым салады, және мемлекеттік органдарды "христиан мәдениетін сақтауға" міндеттейді.

Эрик Фурнье өз жазбасында Будапештке Еуропада жиі айтылатын сындарды "мадьярофобия" салдары деп атап, Венгрияға қарсы репрессивты шаралар қолданбауға шақырған.

XS
SM
MD
LG