Ссылки доступа

Өзбекстанда қарамағындағыларын кемсіткен шенеунік жұмысынан қуылған


Өзбекстанның Наманган облысы Уйчин ауданының мәжбүрлеп орындату бюросының басшысы Шерали Мамаризаевтың қарамағындағы қызметкерлерді былапыт сөздермен қорлайтыны жөнінде Озодлик радиосының сайтына мақала жарияланғаннан кейін, артынша шенеунікті қызметінен алған.

Бюроның бір топ қызметкерлері Озодлик радиосына үш аудио жазба жіберген. Онда басшылары Шерали Мамаризаевтың былтыр желтоқсан айынан бастап сәуір айына дейінгі жиналыста сөйлеген сөздерін басып алған. Аудио таспадан басшысының "жерден алып, жерге салатын" былапыт сөздерін естуге болады.

Бюро қызметкерлері ақпан айында Мамаризаевқа қарсы президент Шавкат Мирзияевтің виртуалды қабылдауына шағым түсіргенін айтады.

30 маусымда мәжбүрлеп орындату бюросы қызметкерінің бірі Озодлик радиосы редакциясына хабарласып, жарияланған мақаладан кейін аудан ақсақалдары жиналып, Шерали Мамаризаевқа барып, жағдайды түсіндіруді талап еткенін айтып берді.

"Ақсақалдардың біреуі қолындағы таяғымен Мамаризаевты ұрып жіберді. Ол қашып кетті. Содан кейін ол жұмысқа келмеді. Оның міндетін орынбасары атқарды. Жақында облыстық басқармадан адамдар келіп, жаңа басшы тағайындады. Қазір бюродағы атмосфера жақсы жағынан өзгерді", - деді радиоға хабарласқан бюро қызметкері.

XS
SM
MD
LG