Ссылки доступа

Ауғанстандағы Үндістан елшілігі үнділер мен сикхтерге жасалған шабуылды айыптады


Кабулдағы Үндістан елшілігі Ауғанстан шығысындағы Нангархар уәлаятында жанкешті содырдың үнділер мен сикхтер қауымына жасаған шабуылын айыптады.

Үндістан елшілігі Twitter әлеуметтік желісіне 1 шілдедегі шабуылдан кемінде 20 адам қаза тапты деп хабарлады.

Ауғанстанның ресми өкілі жанкешті Нангархар уәлаятында президент Ашраф Ғанимен кездесуге бара жатқан үнділер мен сикхтерге шабуыл жасады деп хабарлады.

Денсаулық сақтау саласының шенеуніктері терактіден 20 адамның жараланғанын, олардың 17-сі үнділер мен сикхтер өкілі екенін мәлімдеді.

Ауғанстандағы Үндістан елшілігінің қызметкері шабуыл кезінде сикхтер қоғамының лидері Автар Сингх Халсаның да қаза тапқанын растады. Ол күзде болатын парламент сайлауына қатыспақшы болған.

"Ислам мемлекеті" террористік ұйымы Нангархардағы шабуылды мойнына алды.

XS
SM
MD
LG