Ссылки доступа

"Тәжік Эйр" ұшағы "Домодедово" әуежайына қонуға мәжбүр болған


"Тәжік Эйр" компаниясының Мәскеуден Худжандқа қарай бет алған ұшағы шұғыл түрде қайтадан Ресейдің "Домодедово" әуежайына қонған.

Boeing‐737 жолаушылар ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң, қайтадан әуежайға қонды деп хабарлайды "Тәжік Эйр" компаниясының баспасөз қызметі.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақта Рязань үстінен ұшып бара жатқан кезде ақау байқалған. Лайнер Коломна мен Воскресенска ауданы үстінен біраз уақыт айналып ұшып, "Домодедово" әуежайына оралған. Ұшақ ішінде 141 адам болған. Ешкім зардап шекпеген.

"Экипаж әуежайға оралуға шешім қабылдады. Әуеде жанар-жағар майын біраз жұмсағаннан кейін, ұшақ әуежайға сәтті қонды", - деп хабарлады Худжанд халықаралық әуежай баспасөз хатшысы Юсуф Маюсуфов.

Тәжікстандағы ең ірі «Сомон Эйр» және «Тәжік Эйр» компаниясының паркінде америкалық Boeing және ресейлік ТУ ұшақтары бар.

XS
SM
MD
LG