Ссылки доступа

Эмомали Рахмон: "Туристерден ақша бопсалайтын күш құрылымдары - ұлттың сатқындары" (видео)


Тәжікстан президенті шетелдік туристер мен саяхатшыларға дөрекілік көрсететін күш құрылымдары қызметкерлерін қатаң жазалауды талап етті. "Мұндай адамдарды ұлттың сатқындары деп жариялау керек" деп мәлімдеді Эмомали Рахмон Соғды облысына барған сапары кезінде.

Мемлекет басшысының сөздеріне қарағанда, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дөрекі әрекеттері мен ақша бопсалауы салдарынан, шетелдік туристер елге келгісі келмейді. "Ең жаманы солар үшін елдің әлем алдындағы абыройына нұқсан келеді", - деп атап өткен Эмомали Рахмон.

“Қонақтар мен туристердің ұлттық мәдениет, салт-дәстүрімен таныстығы қақпадан басталады, яғни шекара мен кеден бекеттерінен. Өткізу бекеттерінің жауапты қызметкерлері мұны жақсы сезінуі тиіс. Олар өркениетті тәжік ұлтының өкілі екенін ұмытпауға тиіс”, - деп атап өткен мемлекет басшысы.

"Егер болашақта милиция қызметкерлері, кеденшілер не шекарашылар туристерден ақша бопсалап, елге саяхат жасауына кедергі келтіретін болса, оларды елдің, ұлттың сатқындары деп жариялау керек", - деп мәлімдеген Эмомали Рахмон.

Тәжік маи қызметкерлері шетелдік саяхатшыдан ақша бопсалап тұр
Тәжік маи қызметкерлері шетелдік саяхатшыдан ақша бопсалап тұр

Румынские путешественники в Таджикистане столкнулись с мздоимством "гаишника"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:55 0:00

XS
SM
MD
LG