Ссылки доступа

Бразилиялықтар футболдан әлем чемпионатында ширек финалға шықты


Мәскеуде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилия құрама командасы Мексиканы 2:0 есебімен жеңді. Ойын Самарада өтті. Бірінші голды Неймар 51-минөтте соқса, 88-минөтте Роберто Фирмино Неймардан қабылдаған допты қақпаға кіргізді.

Енді Бразилия құрамасы 6 шілдеде, Қазанда өтетін ширек финалда Бельгия-Жапония ойындарының жеңімпазымен кездеседі.

Франция мен Уругвай плей-офф-тың келесі кезеңіне шыққан. Олар 6 шілдеде Нижний Новгородта кездеседі. Жартылай финалда сонымен бірге Ресей мен Хорватия кездеседі. Бұл ойын 7 шілде Сочи қаласында өтеді.

XS
SM
MD
LG