Ссылки доступа

Астанада қауіпсіздік шарасы күшейтілді


Астананың 20 жылдығын тойлау кезінде полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтеді деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қауіпсіздік шарасы "тұрғындар мен қала қонақтарының жайлы демалуына жағдай жасау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін" күшейтілмек.

Астана мерейтойын атап өту аясында 8 шілдеге дейін 75-тен астам іс-шара өткізу жоспарланған. Осыған байлнысты 3,5 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық гвардия сарбаздары күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Бұдан өзге, мерекелік шаралар кезінде полиция қызметкерлеріне қоғамдық көмекшілер көмектеспек.

XS
SM
MD
LG