Ссылки доступа

Ашхабад тұрғындары 47 градус ыстықта бірнеше күн сусыз отыр


Раздача воды населению Ашхабада (архивное фото)

Түркіменстан астанасы орталығындағы бірнеше ықшам аудан үш күн бойы сусыз отыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Мир-1 және Мир-2 ықшам аудандарында 29 маусымда су тоқтаған.

Аудан әкімдігіне шағым түсірілгенімен су әлі берілмеген. Бұл күндері Ашхабадта ауа температурасы көлеңкеде 47 градус болып тұр.

Су жеткізуге жауапты мекеме судың жоқтығын құрылғылардың техникалық ақауымен түсіндірген.

1 маусым күні түсте ықшам аудандардың бірнеше тұрғын үйінде су беріліп, аз уақыттан соң қайта тоқтаған.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, тұрғындарға водовозбен су әкелген, оған 300-350 адам кезекте тұрған. Су автокөлігі үш күнде бір-ақ мәрте келген.​

Қалада тегін су көздері болмағандықтан, тұрғындар өз еркімен су іздеп кетті.

XS
SM
MD
LG