Ссылки доступа

Түркияда бір күнде Өзбекстанның ондаған жезөкшесін ұстады


Иллюстративное фото.

Түрік құқыққорғау органдары Болу, Аланья және Трабзон қалаларында арнайы операция жүргізіп, Өзбекстанның ондаған жеңіл жүрісті қызын ұстаған. Екі ел адам саудасымен күресті бірге жүргізіп келеді, деп хабарлады Өзбекстанның Түркиядағы елшілігі.

Түркияның солтүстік-батысындағы Болу қаласы полициясының қызметкері ​Метин Караташтың хабарлауынша, 1 маусымдағы арнайы операция кезінде Өзбекстанның алты азаматы ұсталған.

"Оларды диспансерде тері-венерологиялық ауруларға тексертті. Одан соң әйелдерді депортациялау абақтысына отырғызды. Отанына қайтарылған соң олар бес жыл бойы Түркия аумағына кіре алмайды", – деді Метин Караташ. Қыздар қаланың Карачайир ауданындағы саябақта тәнін саудалап тұрған жерде ұсталған.

1 маусымда Өзбекстан жезөкшелері Түркияның басқа да қалаларында ұсталды. Аланья қаласы полициясының хабарлауынша, ұсталғандар арасында бұған дейін Өзбекстанға депортацияланған қыздар да бар, бірақ олар басқа жолдармен ел аумағына қайта кірген.

Ұсталған азаматтар туралы мәлімет Өзбекстанның Түркиядағы елшілігіне жолданды.

XS
SM
MD
LG