Ссылки доступа

Қырғызстан Жоғарғы сотының үш судьясына қылмыстық іс қозғалды


Верховный суд КР.

Үш судьяға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын 2 маусымда Қырғызстан Бас прокуратурасы хабарлады. Жоғарғы сот аппараты мен Бішкектегі тергеу абақтысының лауазымды қызметкерлеріне де қылмыстық іс қозғалған.

Бас прокуратура өкілі Жаркынай Азиеваның хабарлауынша, "олар азаматтардың еркіндігі туралы конституциялық құқтарын бұзған" деп айыпталған.

Тергеу абақтысының қызметкерлері О.Т. есімді азаматты заңсыз 12 күн қамауда ұстаған.

Кейін бұл азаматтың зағип Темірлан Ормуканов екені белгілі болды. Ол бұл мәліметті Азаттык радиосына растады.

"Маған Бас прокуратурадан хабарласып, арыз жазуымды сұрады. Мен бас тарттым", - деді ол.

Бас прокуратура істі болған судьялардың есімдерін жарияламай отыр.

XS
SM
MD
LG