Ссылки доступа

Бішкекте келіншек перзентхана есігі алдында босанған


3 шілдеде Бішкекте келіншек №2 перзентхана жанында босанған.

Бұл уақытта перзентхана ғимараты жөндеу жұмыстарымен жабылған екен. Перзентхана бас дәрігері Азамат Алымбаевтың айтуынша, әйелдің толғағы қысып, жүкті әйелдерді қабылдап жатқан көрші ғимаратқа жете алмаған. Сол үшін келіншекті далада босандырып алуға тура келген.

«Біздің перзентхана уақытша жабық. Бірақ сонда болған дәрігерлер әйелді босандыруға көмектесті. Оларды басқа бөлімшеге орналастырдық. Бала мен ананың жағдайлары жақсы», - деді Алымбаев.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болды.

XS
SM
MD
LG