Ссылки доступа

Өзбекстандық Мәскеу түбінде тұратын зейнеткердің 300 мың долларын ұрлаған


Мәскеу түбіндегі Сатино-Русское ауылында тұратын зейнеткердің 300 мың АҚШ долларын өзбекстандық ұрлап кеткен. Зейнеткер бар ақшасын картонды жәшікке сақтап келген. Бұл жөнінде РИА Новости агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап, хабарлайды.

«Белгісіз адам 1953 жылы туған зейнеткердің 300 мың долларын ұрлап кеткен. Ол ақшасын картонды жәшікке салып, өзімен бірге сақтап жүрген», – дейді дереккөз.

Бұл іске қатысты сол аймақта он жыл бойы жұмыс істеп келген өзбекстандық жігіт күдікке ілінген.

Құқық қорғау органдары күдіктінің Ресейден қашып кеткенін, ұрлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтады.

XS
SM
MD
LG