Ссылки доступа

Тәжікстан отандық цементке өздері бақылау жүргізбек


Тәжікстанның бірнеше цемент зауытына иелік ететін «Хауксин» қытай компаниясы енді тауарды Өзбекстанға тек Тәжікстан сауда үйі арқылы ғана өткізеді.

Осы уақытқа дейін қытайлық компаниялар Өзбекстанға цементті өз беттерінше экспорттап келген. Бірақ Өзбекстанмен шекара ашылғаннан кейін, бұл істі Тәжікстан жеке қадағалауына алмақ.

Өзбекстандағы Тәжікстан сауда үйінің директоры Хамрохон Ганиев бүкіл цемент өндірушілерден өнімді тек ұйым арқылы экспорттау керектігін талап еттік дейді. Осыған дейін Тәжікстандағы қытайлық компаниялар экспортталған өнімнің барлық табысын өздері алып келген.

​«Біз бұл бойынша қытайлық тараппен келіссөздер жүргіздік. Олар Тәжікстан сауда үйі құрылмай тұрған кезде, 2017 жылы Өзбекстанмен келісім-шартқа отырғанын, енді бұл келісімді бұза алмайтынын айтты. Бірақ келісімнің мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Біз бұл келісімді әрі қарай созбауын сұрадық», - дейді Хамрохон Ганиев.

Оның сөзінше, Өзбекстанмен шекара ашылағаннан кейін, цемент бағасы бірнеше есеге қымбаттаған. Жыл соңына дейін экспорт көлемі 500 мың тоннаға өспек. «Тәжікстанда да цемент бағасы арзан емес. Бізге Қырғызстаннан да, Тәжікстаннан да цемент импортталады. Бірақ ең сапалысы - тәжік цементі», - дейді сұқбат беруші.

XS
SM
MD
LG