Ссылки доступа

Өзбекстанда "Уздонмахсулот" компаниясы басшысы мен күйеу баласы парамен ұсталды


Иллюстративное фото.

"Уздонмахсулот" акционерлік қоғамдағы дереккөздің хабарлауынша, компанияның басқарма төрағасы Сурат Хайдаров пен баспасөз хатшысы болып істейтін күйеу баласы Жамшид Шариповті арнайы қызмет ұстады.

Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіндегілер "Уздонмахсулот" компаниясының басшысы Сурат Хайдаровты Ташкенттегі үйінен 28 маусымда алып кеткен.

Фирманың бір қызметкерінің айтуынша, Хайдаровтың күйеу баласы Жамшид Шариповті арнайы қызмет Ташкент облысындағы ұн зауыттарының бірінде пара алып жатқан кезде ұстаған.

"Пара Ташкент облысындағы ұн зауыттарының бірін сату үшін алынған. Күйеу баласында арнайы қызмет ұстаған уақытта, Хайдаров жұмыс бабымен жүрген Жизақтан қашып шығып, үйіне келген. Кешке оны үйінде ұстады", - деді компания өкілі.

Арнайы қызмет өкілдері компания басшысының жұмыс кеңсесін мөрлеп кетткен.

XS
SM
MD
LG