Ссылки доступа

Қырғыз милициясы бала ұрлау туралы хабарды жоққа шығарды


Қырғызстанның Ош қаласында бірде бір бала іздеуде жоқ. Бұл туралы қаланың ішкі істер басқармасы хабарлады.

"Адасып кеткен немесе үйден шығып кеткен балалардың барлығы ата-аналарына қайтарылды", - делінген милиция таратқан хабарламада.

Осындай ақпаратты Жалал-Абад милициясы да таратты.

Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенжерінде белгісіз біреулер бірнеше күн бойы балаларды Құрбан айт қарсаңында "ұрлап жатыр" деген мазмұндағы хабарлар тарады. "Олар түрлі ұлттың балалары. Мұндай жүздеген бала бар", - делінген анонимді аудиохабарламада.

Милицияның хабарлауынша, халық арасында дүрбелең туғызу үшін белгісіз біреу әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып жүр.

XS
SM
MD
LG