Ссылки доступа

Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасы өзінің турагенттігін ашты


Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасы Muslim-tour деп аталатын туристік агенттік ашты.

Ол үшін Мемлекеттік туризмді дамыту жөніндегі комитеттен тиісті лицензия алынды.

"Muslim-tour туристік агенттігі жергілікті және шетел азаматтарын біздің еліміздегі қасиетті орындарға сапарлар ұйымдастырып, саяхаттауға жағдай жасайды және Өзбекстанның мұсылман әлеміндегі беделін көтереді", – деп хабарлады журналистерге діни басқарманың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ұлттық "Узбекистон хаво йуллари" әуе компаниясы аптасына бір мәрте қатынайтын Ташкент – Джидда – Ташкент рейсін ашатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG