Ссылки доступа

Бішкек билігі 3,5 млрд сомға 350 автобус сатып алмайтын болды


Бішкек билігі автобус сатып алу үшін, ресейлік "Газпромбанктен" 3,5 млрд сом несие алмайтын болып шешкен. Астана әкімдігі қалалық кеңешке бұл шешімді кері қайтарған. Енді муниципалитет қоғамдық автобустарды өздерінің есебінен сатып алуды ойлап отыр.

Газбен жұмыс істейтін автобустар биыл шілде айының соңына дейін Бішкекке жеткізілетін болған. Бір автобустың құны 10 млн сом (140 мың доллар) шамасында.

Былтыр 22 желтоқсанда Бішкек қалалық кеңеші автобус паркін қарыз алу арқылы жаңартуды жанжалмен қабылдаған. Алынатын несиенің жобасы былайша болатын: "Газпромбанк" "Газпром Қырғызстанға" ақша береді, ал бұл компания Бішкек әкімшілігінен үстемеақысы 12 пайызбен 3,5 млрд сомға муниципалдық облигация сатып алады. Несиені облигация түрінде 2025 жылға дейін төлеуі тиіс. Үстемеақымен Ресейге 5 млрд сом қайтарады.

Бішкек әкімдігі қалалық көлік басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Атыканов қалалық кеңес кейіннен бұл шешімді кері қайтарып, автобустарды қалалық бюджет есебінен салып аламыз деп шешті дейді.

Облигацияны сатып алмақ болған "Газпром Қырғызстан" компаниясы Бішкек әкімдігі мәселені тым созып жіберді дейді. Бірақ компания қол қойылған меморандумды орындауға дайынбыз деп отыр. "Қалалық әкімдік тарапынан нақты шешім күтеміз", - деді "Газпром Қырғызстан" компаниясының бас директоры Арзымат Алдаяров.

XS
SM
MD
LG