Ссылки доступа

Тәжікстан билігі қайтадан бағаны реттеуді қолға алмақ


Тәжікстан үкіметі бұдан былай 16 түрлі азық-түлік бағасына мемлекеттік бақылау орнатады. Бұл қаулыға ел президенті Эмомали Рахмон қол қойған.

Бағалары мемлекеттік рететуге жататын азық-түлік түрлеріне мыналар кіреді: ұн, нан, макарон өнімдері, бидай, күріш, картоп, көкөніс, пияз, капуста, қарт, орамжапырақ, сүт өнімдерінен айран, қаймақ, ірімшік, сиыр еті, қой еті, құс еті, жұмыртқа, тұз, шәй және балалар тағамы.

Осыған дейін Тәжікстан билігі нарық бағасына араласпайтын. Әсіресе Рамазан айты секілді мереке күндерінде азық-түлік бағасы бірнеше есеге шарықтап кететін.

Енді 25 жыл өткеннен кейін тәжік үкіметі азық-түлік бағасын реттеуді қайтадан қолға алып жатыр.

XS
SM
MD
LG