Ссылки доступа

БАҚ: Ауғанстан шекарасында болған атыстан 25 түркімен сарбазы қаза тапқан


Азатлык тілшісі түркімен-ауған шекарасында болған атыстан 25 түркімен сарбазы қаза тапты деп мәлімдеді. Бірақ Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары бұл ақпаратты жоққа шығарады.

Түркіменстандағы Азатлык тілшісінің хабарлауынша, шамамен үш апта бұрын Ауғанстанның Бадгис уәлаятымен шектесетін Мары-Серхетабат- Тагтабазар шекаралық елді мекенінде атыс болып, 25 түркімен сарбазы қаза тапқан.

Тілшінің мәліметі бойынша, қаза болғандардың үшеуі Балқан уәлаятынан, қалғандары Дашогуз өңірінен. Олардың денесін темір табытпен отбасыларына жөнелткен. Қаза болғандар жөнінде де мәлімет бар. Бірақ қауіпсіздік тұрғысынан әзірге жарияланбайды.

Белгілі болғандай, Ауғанстан тарапынан есірткі контрабандасымен айналысатын қарулы топ түркімен әскеріне оқ атқан. Бұл жөнінде Азатлык тілшісіне қаза болған сарбаздардың ата-анасы хабарлаған.

“Ауған-түркімен шекарасында атыс алты сағатқа созылған. Қарулы топ ондаған шекарашыны жаралап, 25 сарбазды өлтірген", - дейді тілші.

Ресми Түркіменстан тарапынан бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасалмады. Ауғанстан билігі де бұл оқиғаға жөнінде жақ ашпаған.

Бірақ мемлекеттік Turkmenportal сайты Азатлык жариялаған материалды теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG