Ссылки доступа

Өзбекстанда балалар үйіне видео камералар орнатып жатыр


Марғилон және Ташкент облысындағы балалар үйі мен мектеп-интернаттарында балаларды зорлау оқиғалары анықталғаннан кейін, балаларға арналған мекемелерге видео камералар орнатылып жатыр деп хабарлайды Өзбекстанның Бас прокуратурасы.

«Бүгінгі күні барлық облыстар мен аймақтарда тексерулер жүріп жатыр. Балалар үйлеріне видео камералар орнатылып жатыр. Үлкен шу болған екі оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр», – деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Сурайё Рахманова.

Осыған дейін Ташкент облысы Аққорған ауылының №78 мектеп-интернатында балалардың жоғалып кету фактісі тіркеліп, 16 жасқа дейінгі тәрбиеленушілердің зорланып келгені анықталған.

Былтыр желтоқсан айында Марғилон облысындағы №1 балалар үйі басшылығы мен қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалғаны жарияланған. Оларға халықаралық ұйымдар бөлген қаржыны жымқырды, балаларға сексуалдық зорлық көрсетті деген айыптар тағылған.

XS
SM
MD
LG