Ссылки доступа

Ресей Сирияның оңтүстік-батысына әуе шабуылын қайта бастады


Сирияның оңтүстік-батысына ел президенті Башар Асадтың бақылау орнатуы жөніндегі келіссөзі сәтсіз болғаннан кейін, Ресей бұл аймаққа әуе шабуылын қайта бастаған.

Әуе соққылары Тафас қаласына, солтүстік-батыстағы Дераа және шығысындағы Сайда қалаларына жасалған. Бұл жөнінде Адам құқықтарына мониторинг жүргізу жөніндегі сириялық топ мәлімдеді.

Сирия президенті Башар Асад ресейлік авиацияның көмегімен елдің оңтүстік-батысына соққы беріп келеді. Олардың мақсаты бұл аймақты оппозициялық топтан тартып алу.

Оппозиция өткен сенбіден бері Ресеймен соғысты тоқтату жөнінде келіссөз жүргізіп келген. Бірақ ортақ шешімге келе алмаған.

"Еркін сириялық армия" фракциясының өкілі Reuters агенттігіне келіссөздің барысы жөнінде хабарлаған. Ол "ресейлік тараптың тұрақсыздығынан, ортақ шешімге келе алмадық" деген. Оппозицияның тағы бір өкілі Ресей қару-жарақты толық өткізуді талап еткенін айтады. Сирия оппозициясы ондаған мың босқын үйіне оралғаннан кейін, қаруды кезең-кезеңмен өткізуді жоспарладық дейді.

Өткен сәрсенбіде Иордания сыртқы істер министрі Айман Сафади Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Ол егер әуе шабуылы тоқтамаса, Сирияның оңтүстігінде гуманитарлық апат болады деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG