Ссылки доступа

Тәжікстан тұрғындары ататегін қайтадан орыстандырып жатыр


Тәжікстанда мыңдаған тұрғын ататегіне "-вич" және "-ов (-ев)" жұрнақтарын жалғау арқылы орысша жазылу нұсқасына қайта көшкен. Бұл туралы тәжік үкіметі жанындағы тіл және терминология жөніндегі комитетінің жауапты қызметкері Абдурахим Зулфониён хабарлады.

"Біздің мамандар бірқатар ауданда зерттеу жүргізді. Елге оралған еңбек мигранттарының көбі Ресейде -и, -зод, -зода, -он, -ён, -йен, -ёр, -ниё, -фар жұрнақтары бар ататегіне байланысты қиыншылық болғанын айтқан", - деді ол.

Мұндай үрдіс Душанбе қаласында да байқалады. Фирдоуси ауданы АХАЖ бөлімінің жетекшісі Сайёхат Достизоданың айтуынша, жергілікті тұрғындар ататегтерін орысшалап беру туралы өтініштермен жиі келеді.

Сарапшылардың айтуынша, ататегті орысшалау Ресей полициясы мен жұмыс берушілердің жұмысын жеңілдетеді, өйткені олар үнемі тәжік есімдерін ататегімен шатастырып алады.

XS
SM
MD
LG