Ссылки доступа

Түркіменстанның Беларуське қарызы шамаен 43 млн доллар болды


Президенты Туркменистана и Беларуси Гурбангулы Бердымухамедов и Александр Лукашенко
Президенты Туркменистана и Беларуси Гурбангулы Бердымухамедов и Александр Лукашенко

Түркімен компанияларының Беларуське қарызы биыл алғашқы тоқсанда алты есе өсіп, 85 миллион рубль (шамамен 43 млн доллар) болды, деп беларусь медиасы Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлады.

"Хартыя97" басылымының хабарлауынша, беларусь құрылысшыларының шетелдегі ең үлкен жобасы - Түркіменстандағы Гарлык калий комбинаты сәтсіздікке ұшырады. Соның салдарынан отандық бюджет шамамен 200 миллион долларға шығындалған.

Басылым мәліметі бойынша, журналистер Гарлык жобасының құрылысына беларусь мемлекеттік сатып алу есептерін тексеріп көріп, "ақша жеген болуы мүмкін" деген тұжырым жасаған. Мысалы, "Белгорхимпром" металл ұнтағының тоннасын 190 долларға сатып алған, бірақ ол Ресейде шамамен үш есеге арзан.

Гарлык комбинаты құрылысына Мемлекеттік "Түркіменхимия" концернін тапсырыс берген. Жобаның бас мердігері - "Белгорхимпром".

Гарлык таукен байыту комбинаты Түркіменстанның шығысында орналасқан. Комбинат өткен жылы наурызда салтанатты түрде ашылды.

1 млрд доллар тұратын құрылыс жобасы туралы келісімге 2009 жылы қол қойылған.

XS
SM
MD
LG