Ссылки доступа

CNN: Трамп Венесуэллаға қарулы шабуыл мүмкіндігін жоққа шығармады


Президент США Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп кеңесшілерінен Венесуэланың авторитарлық үкіметіне қарсы күш қолданудың қаншалықты қажет екендігін сұраған. Бұл туралы CNN телеарнасы әкімшіліктегі жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап хабарлады.

Мәселе өткен жылы тамыз айында Ақ үйде өткен жиналыста көтерілген. Онда Вашингтонның Каракасқа қатысты экономикалық санкциялар талқыланған. Кеңесшілер Трампқа мұндай қадамға бармауын сұраған, өйткені Латын Америкасындағы одақтастар бұны теріс қабылдауы мүмкін. Венесуэла президенті Мадуроның диктаторлық саясатына бола аймақ елдерімен байланысты бұзып алуға болмайтыны айтылған.

"Басып кіру туралы шұғыл жоспар болған емес, бар болғаны президент оны ауызша талқылады", - деді ​CNN дереккөзі.

Аталған жиналыстан соң ертесіне Трамп журналистермен кездесуде Венесуэладағы дардарысқа қатысты күш қолданбайтынын мәлімдеген. Өткен жылы қыркүйекте Трамп Латын Америкасы елдерінің көптеген басшыларымен БҰҰ сессиясы аясында кездесті. Олардың барлығы күш қолдануға қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG