Ссылки доступа

Назарбаев: "Астана аймақтағы басты қаржы орталығы болуы тиіс"


Елордада "Астана халықаралық қаржы орталығы" ресми түрде ашылды.

Оның ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұны "экономиканы орнықты дамытудағы маңызды қадам" деп атады.

Оның сөзінше, қаржы орталығының қазақстандық моделінде әлемдік қаржы орталықтарының "ең үздік тәжірибелері" негізге алынған.

Назарбаев қазақстандық және шетелдік бизнесмендерді Астанадағы қаржы орталығының жұмысына қатысуға шақырды. Ол Астана "аймақтағы ең басты қаржы орталығы болуы тиіс" деп санайды.

"Астана халықаралық қаржы орталығы" президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сай келетін Астана күні қарсаңында ашылып отыр. Қаржы орталығын құру бастамасын Назарбаев 2015 жылы көтерген. Орталық Астанада 2017 жылы өткен ЭКСПО көрмесіне салынған ғимараттарға орналасады.

Астанада қаржы орталығын құру үшін "Астана халықаралық қаржы орталығы туралы" заң қабылданып, Конституцияға өзгеріс енгізілген. Ол бойынша, қаржы орталығы аумағында ағылшын құқығының күші жүреді.

XS
SM
MD
LG