Ссылки доступа

Ашхабадта интернет тағы істемей қалды


Түркіменстандағы Азатлык тілшісінің және жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, Ашхабадта интернетке қосылу мүмкін болмай қалған.

"Ашхабадта интернет мүлдем жұмыс істемей қалды. Ал интернет байланысына тұрғындар айына 150-200 манат (50 доллар шамасында) төлеп отыр. Мәселен мен Алтын Асыр пакеті үшін 200 манат және АГТС үшін 250 манат төлеймін. Екеуі арқылы да интернетке қосыла алмай отырмын", - деп хабарлайды Азатлык тілшісі.

Оның сөзінше, халықты интернетпен қамтамасыз ететін мекемеге шағым түсірген жағдайда, мекеме қызметкерлері бұғатты айналып өтетін VPN - прокси қызметін пайдаланады ма, жоқ па деп әдейін тексеру мүмкін.

Жергілікті интернет тұтынушылардың пікірінше, ғаламтордың сапасының өте төмен болуы техникалық мүмкіндіктердің нашарлығынан емес, билік тыйым салып отыр.

Түркіменстанда Азатлык радиосы секілді тәуелсіз ақпарат құралдары мен Facebook, Twitter, VKontakte секілді әлеуметтік желілерге шектеу қойылған.

XS
SM
MD
LG