Ссылки доступа

Ташкент банкін тонамақ болған Украина азаматтары ұсталды


Өзбекстанның ІІМ қызметкерлері Ташкенттегі жекеменшік Orient Finans Bank-ті тонамақ болған Украина азаматтарын ұстаған. Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, Украина азаматтары Ташкентке 16 мамырда келіп, банктен депозит ашқан. Күдіктілер қаржы мекемесінің жұмыс уақытын, күзет жүйесін жіті тексерген.

«Күдіктілер Қырғызстаннан алып келген арнайы құрылғы арқылы банктің депозит ұяшығын ашу кезінде қолға түсті», – делінген хабарламада.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Orient Finans Bank-тің капиталы 2017 жылғы есеп бойынша 1¸5 триллион сумды құрайды. Банктің 80 пайыз акциясы жекеменшікте.

Orient Finans Bank-тің басқарма басшысы Рустам Парпиев. Ол салық комитетінің бұрынғы басшысы Батыр Парпиевтің ұлы әрі Өзбекстан арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Рустам Иноятовтың күйеу баласы.

XS
SM
MD
LG