Ссылки доступа

Қырғыз экс-депутаты Қанатбек Исаевтың адвокаттары оны үйқамаққа шығаруға талпынып жатыр


Қырғызстанның бұрынғы депутаты Қанатбек Исаевтың адвокаттары оның бұлтартпау шарасын өзгерту жөнінде тергеушілер мен прокуратураға өтініш жазған. Бұл жөнінде адвокат Сергей Слесарев мәлімдеді.

Ол қорғауындағы экс-депутатты үйқамаққа шығаруға талпынып жатқанын айтады. «Кез келген уақытта бұл мүмкін. Бірақ қазір бұл мәселені шешу үшін Бас прокуратура мен тергеу ісіне арыз жаздық», - дейді Слесарев.

Қанатбек Исаевқа қарсы қылмыстық іс былтыр 30 қыркүйекте қозғалған. Оны «билікті күшпен тартып алмақ болды» деп айыптап, қамауға алған.

Ол Токмак әкімі болып тұрған кезіндегі қызметіне қатысты тағы бір іс қозғалған. Бірақ 28 маусымда Бішкек қалалық соты мерзімі өтіп кеткеніне байланысты бұл істі жапқан.

XS
SM
MD
LG