Ссылки доступа

Өзбекстанда ескі төлқұжаттар мерзімі ұзартылды


Өзбекстан үкіметі ескі төлқұжаттар (биометрикалық емес) мерзімін ел аумағында 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін созды. Тиісті қаулы 30 маусымда қабылданды.

Әділет министрлігінің өзінің Telegram-арнасында хабарлауынша, шетелде биометрикалық төлқұжаттар шетелде құжатта көрсетілген мерзім аяқталғанша жарай береді.

Өзбекстанда биометрикалық жаңа төлқұжаттарды 2011 жылы қарашада бере бастады. Барлық төлқұжаттар 2015 жылдың аяғына дейін аяқталуы тиіс болған, бірақ бұл мерзім 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін созылған.

Ішкі істер министрлігі төлқұжат ауыстырмағандар айыппұл төлейтінін ескерткен.

Ресми мәлімет бойынша, елде қазір жаңа төлқұжатты 21,194 миллион адам немесе 94,9 пайызы алған.

XS
SM
MD
LG