Ссылки доступа

Сот "Бир дуйно - Кыргызстан" қозғалысының баяндамасын "экстремистік" деп таныды


Қырғыз соты "Бир дуйно - Кыргызстан" адам құқығын қорғау қозғалысының бір баяндамасы "экстремистік" деп таныды. Тиісті қаулыны Октябрь аудандық соты 2017 жылы 5 қаңтарда қабылдаған, бірақ ұйым ол туралы жақында ғана білген, деді заңгер Эрик Ирискулбеков.

Оның айтуынша, сотқа Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің материалдарымен шағымданған, бірақ қозғалыс өкілдерін сот отырысына шақырмаған, шешім олардың қатысуынсыз қабылданған.

"Бир дуйно - Кыргызстан" қозғалысы "Мемориал" орталығымен бірге БҰҰ-ның еңбек мигранттары құқықтарын қорғау жөніндегі комитетіне дербес есеп жолдаған. Комитет оны қарап, Қырғызстанға Ресей мен Қазақстандағы еңбек мигранттарын қорғау жөнінде шара қолдануын сұраған. Қырғыз үкіметі ол ұсыныстармен келісті.

Бірақ биыл наурыз айында біз Әділет министрлігінің экстремистік материалдарын тізімін тексердік, олардың арасында қозғалысты да көріп, шошып кеттік", - деді заңгер

Сот шешімін ұйым білмегендіктен, оған шағым түсіріп үлгермеген. Сол себепті ұйым Бішкек қалалық сотына шағым түсіру мерзімін қалпына келтіру туралы ұтініш түсірді. Бірақ 5 шілдеде арызды қабылдамау туралы сот шешімі шықты.

XS
SM
MD
LG