Ссылки доступа

Тәжікстанда банктер клиенттерді эстрада жұлдыздары арқылы тартады


"Арванд" шағын несие беру ұйымы танымал тәжік әншісі Жонибек Муродовты бір күнге мекеменің қаржы кеңесшісі болуға шақырды.

"Бір күн ішінде сіздер жұлдызбен кездесіп, суретке түсе аласыз. Сонымен бірге депозит есебін ашып, несие туырлауға, ұйымның басқа да қызметтерін пайдалануға болады", - делінген "Арванд" мәлімдемесінде.

Муродов - тіл маманы, ол бірінші мәрте қаржы саласында жұмыс істеп көреді. Осы ұсыныстан соң ол Украинадан Тәжікстанға арнайы келген.

Әнші ұйыммен бір күнге келісімге отырғанын мәлімдеді. "Арванд" басшылығы эстрада жұлдызының көмегімен клиентті көп тартуға үміттеніп отыр.

XS
SM
MD
LG