Ссылки доступа

Түркіменстан астанасының тұрғындары ауызсуға жарымай отыр


Туркменистан в прежние годы вошел в книгу рекордов Гиннеса по количеству фонтанов, вода в которые подается из горных источников под Ашхабадом.
Туркменистан в прежние годы вошел в книгу рекордов Гиннеса по количеству фонтанов, вода в которые подается из горных источников под Ашхабадом.

Азатлыктың Ашхабадтағы тілшісінің хабарлауынша, мамыр айындағы нөсерден су басқан көшелерге құбыр жүргізу жұмыстарына байланысты су тоқтап тұр.

Түркіменстан астанасындағы Мир-1 және Мир-2 шағын аудандарында су тапшылығы әлі шешілген жоқ. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, қазір бұл аудандардағы үйлерге суды күндіз береді, ал түнде тоқтатып тастайды.

Қала билігі тұрғындарға судың тоқтату себептерін түсіндірмеді. Азатлык тілшісі анықтап білгендей, ауыз су биыл мамыр айында нөсерден су басқан көшелерге құбыр тарту жұмыстарына байланысты тоқтап тұр.

"Су жіберу үшін уақытша құбыр жасалған. Түнде оны ағытып тастап, жөндеу жұмыстарын жүргізеді", - деп хабарлады Азатлык тілшісі.

"Судың сапасы бірден төмендеп кетті. Лай су ағып тұр, құм араласып жүр", - деді тұрғындардың бірі.

XS
SM
MD
LG