Ссылки доступа

Ыстық көлдегі этнофестиваль кезінде бүркіт қызға шабуыл жасады


Ыстық көлде өткен "Тескей жээк" этнофестивалі кезінде бүркіт оқушы қызға тап берген. Оқ иға орнынан хабар таратқан Азаттық тілшісінің айтуынша, қыз бала өнер көрсетіліп жатқан алаңға жүгіріп шыққан, сол кезде бүркіт тырнақтарымен қыздың арқасын шап беріп ұстап алған. Баланы ауруханаға алып кеткен.

Дәрігерлер бүркіттен зардап шеккен 8 жастағы қыздың жағдайы жақсы дейді. Жарақатын таңып, үйіне қайтарған. Бұл жөнінде баламен ауруханаға еріп барған режиссер Эрнест Абдыжапаров айтты.

«Оқиғаға қатысты ешкімді айыптауға болмайды. Өнер көрсетіп жатқанда қыз алаңға қарай жүгіріп кетті. Бүркіттің шабуылы қатты болмады», - деді ол.

Этнофестиваль бағдарламасында көшпенділердің түрлі ойындары, қолөнершілердің шеберлік сабақтары көрсетілген. Фестивальге қатысушылар мен қонақтар көшпенділер өмірі мен дәстүрімен танысқан.

XS
SM
MD
LG