Ссылки доступа

Мирзияев жеке кәсіпкерлерге жаңа жеңілдіктер жасады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жеке кәсіпкерлерге бірқатар жаңа жеңілдіктер жасады. Бұл туралы мемлекет басшысының тиісті қаулысында айтылған.

Енді жеке кәсіпкерлер әрбір жалдаған жұмысшы үшін тіркелген салықтан босатылады.

Бұған қоса, жеке кәсіпкерлер халық саны 5 мың адамнан аспайтын ауылдарда шаштараз, киім тігу, аяқ киім жөндеу, қоғамдық баня ұйымдастыру қызметтері үшін барлық салықтардан 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін босатылады.

Тағы бір жеңілдік - алғаш рет шағын несие алған жеке кәсіпкерлер алты ай тіркелген салық төлемейді.

Отбасылық кәсіп субъектілеріне де жеңілдіктер жасалды. Енді олар заңды тұлға тіркемей-ақ үш тұрақты жұмысшы жалдауына болады. Сонымен бірге отбасылық кәсіпке заңды тұлға тіркемей-ақ еңбек жасына жеткен туыстарын жұмысқа алуына рұқсат етілді.

XS
SM
MD
LG