Ссылки доступа

Ош қаласының жаңа мэрі оны екі жылда түрлендіруге уәде берді


Таалайбек Сарыбашев
Таалайбек Сарыбашев

Қалалық кенеш депутаттары Ош қаласының жаңа мэрі ретінде Таалайбек Сарыбашевті сайлады. 45 депутаттың 44-і оны қолдап дауыс берді. Қала басшылығына бір ғана үміткер таласты. Үкіметтің Ош қаласындағы уәкілетті өкілі Сарыбашевті бұл қызметке депутаттар коалициясы ұсынған.

Депутаттарды өзінің бағдарламасымен таныстырған Сарыбашев Ошты екі жылда адам танымастай етіп өзгертуге уәде берді. Атап айтқанда, ол салық төлемейтін кәсіптерді әшкерелеуді, барлық ресурсты халықты ауызсумен қамтамасыз етуге, балабақша мәселелерін шешуге және білім сапасын арттыруға жұмсауды көздеп отыр.

Азатлык радиосы тілшісінің қалалық кенештен хабарлауынша, депутаттар оған сауал қоймады, өзінің тілектерін ғана айтты. Ош басшысы болу үшін депуттардың үштен екісінің дауысына ие болу керек. Ош қалалық кенеші 45 депутаттан тұрады.

Қаланың бұрынғы мэрі Айтмамат Кадырбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты 3 шілдеде қызметінен кетті.

XS
SM
MD
LG