Ссылки доступа

Алматыда автобустар соқтығысып, 18 адам зардап шеккен


Бүгін Алматыдағы Абай және Достық даңғылдары қиылысында қала ішінде жолаушы тасымалдайтын екі автобус бетпе-бет соқтығысып, салдарынан көлікте отырған адамдар зардап шеккен.

"Шілденің 22-і күні сағат 9:58-де жедел медициналық жәрдем станциясына жол-көлік оқиғасы туралы хабар түсті, оқиға болған жерге 10 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Әртүрлі жарақат алып, дәрігердің көмегіне жүгінген 18 адам қала ауруханаларына жеткізілді. Төрт адам ауруханаға жатқызылып, өзгелері тиісті дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді", - деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, Достық даңғылы бойында тұрған 12-бағыттағы автобус кенеттен орнынан қозғалып, жолдың қарсы бағытында келе жатқан басқа автобуспен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр.

2017 жылы автобус пен джип көлігі соқтығысып, 17 адам зардап шеккен. Былтыр тамыз айында Орала екі жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 58 адам жараланған.

XS
SM
MD
LG