Ссылки доступа

Өзбекстанда жемқорлықпен жоғары оқу орны ректорлары да күреспек


Узбекские абитуриенты во время вступительых экзаменов в высшие учебные заведения, 1 августа 2016 года.
Узбекские абитуриенты во время вступительых экзаменов в высшие учебные заведения, 1 августа 2016 года.

Өзбекстандағы жоғарғы оқу орындарының ректорлары абитуриенттер мен олардың ата-аналарына үндеу жолдады. Арнайы орта және жоғарғы білім министрлігінің сайтында жарияланған бұл үндеуде ректорлар "жемқорларға пара бермеуін" сұраған.

"Біз - ректорлар білім мен тәрбие беру процесін заман талабына сай ұйымдастыруға, алдыңғы қатарлы инновациялық идеяларды енгізуге, дарынды жастардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асруына жағдай жасауға, сонымен бірге әділ болуға және адал әрекет етуге уәде береміз" делінген ректорлардың үндеуінде.

Сонымен бірге өзбек ректорлары абитуриенттер мен олардың ата-аналарынан "алаяқтар мен ақша бопсалаушыларға" алданып қалмауын сұраған.

Айта кетерлік жайт, Өзбекстанда ЖОО ректорлары мұндай үндеуді алғаш рет жасап отыр.

Биыл Өзбекстандағы 60 жоғары оқу мекемесі мен олардың 19 филиалына 675 мыңнан астам абитуриент құжат тапсырды. Білім алуға ниет білдірген жастар саны өткен жылмен салыстырғанда 54 мыңға азайған.

XS
SM
MD
LG