Ссылки доступа

Душанбенің қыз-келіншектері көшедегі ерлердің дөрекі әдеттерінен араша сұрайды (видео)


Шахло Иброхимова
Шахло Иброхимова

Душанбенің қыз-келіншектері тәжік астанасының мэрінен ер азаматтардың көшеде "дөрекі, қорлайтын қошеметтерінен" қорғауды сұрады.

Душанбе әкімдігі елуден астам қыз-келіншек мэр Рустами Эмомалиға шағымданғанын растады. Бұл мәселе әкімдікте өтетін жиналыста көтеріледі деп уәде берген.

«Біз күнделікті осындай әдеттерге тап боламыз. Ер азаматтардың дөрекі, ұятсыз көзқарастарынан шаршадық», - дейді Шахло есімді шаһар тұрғыны.

Шахлоның байқауынша, кейбір еркектердің әдепсіз қылықтары жүкті әйелдерді не болмаса жанындағы күйеуі де құтқара алмайды. «Бір күні жас жігіт жанымда күйеуім тұрса да, маған тиісіп өтті. Бұл менің күйеуіме ұнамады. Екеуінің арасында жанжал туды. Соңында милиция дөрекі қылық көрсеткен ер азаматты емес, менің күйеуімді ұстап әкетті», - дейді Шахло.

Тәжік әйелдері бірінші рет еркектердің әдепсіз, ұят қылықтарынан құтқаруды сұрап астана әкіміне шағымданған.

Душанбинки просят Рустами Эмомали защитить их от хамских действий мужчин на улицах города
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:46 0:00

«Химоя» («Қорғау») заңдық кеңес беру орталығының басшысы Навруз Одинаев ерлерді бұл қылықтарына бола жауапқа тарту мүмкін емес дейді. "Заңға сәйкес, бұзақылық жасағаны үшін, балағаттағаны үшін, бопсалағаны үшін жауапқа тарта алады. Ал екіжүзді қошемет үшін жауапқа тарту заңда қарастырылмаған», - дейді ол.

XS
SM
MD
LG