Ссылки доступа

Жоғарғы сот қырғыз экс-премьері Сапар Исаковтың қамаудағы мерзімін бір аптаға қысқартты


Қырғызстанның Жоғарғы соты 24 шілдеде бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковты қамауда ұстау туралы аудандық және қалалық соттың шешімін өзгертті. Экс-премьердің қамаудағы мерзімі 13 шілдеден 5 шілдеге өзгертілді.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Исаковты 5 маусымда Бішкек ЖЭЦ-і жобасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатын жымқырды деп айыптады.

Ол қырғыз президенті аппаратында жұмыс істеп жүрген кезінде "шетел компаниясының мүдессін күйіттеді" деген айып тағылып отыр.

Исаковтың өзі бұл айыптарды жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG