Ссылки доступа

Қырғызстан мобильді құрылғыларды елге кіргізгені үшін 100 сомнан алуды ұсынады


Қырғызстанның ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі мемлекеттік комитеті мобильді құрылғыларды елге алып келгені үшін ақы алуды енгізуді ұсынады. Бір құрылғыны тіркеуге 100 сом (1,5 доллар шамасында) жұмсалады екен.

24 шілдеде комитет төрағасы Бақыт Шаршембиев шетелден елге алып келінген жаңа мобильді телефондарды тіркеу кезінде шекара кеденшілеріне ақша төлейтінін айтты. Оның сөзінше, ақшаны жеке тұлғалар емес, арнайы фирмалар төлейді.

Төлем бір реттік - зат шекарадан өткен кезде ғана жасалынады. Комитет төрағасының сөзінше, мобильді құрылғыны қолданушылардың бәрі жоба жүзеге асқанша, тегін тіркеуден өткізеді.

Бакыт Шаршембиев ақылы тіркеуді "өмірлік маңызы бар жоба" деп атады.

Мобильді құрал-жабдықтарды ақылы тіркеу тәжірибесі Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия елдерінде бар.

Қазіргі уақытта заң жобасы қоғамдық талқылауға жіберілген. Шенеуніктер бұл заңның 2019 жылы күшіне енетініне сенімді.

XS
SM
MD
LG