Ссылки доступа

Ташкентте сағатты мұнараны - 11 қыркүйек оқиғасы құрбандарына қойылған мемориал көшірмесін бұзды


Часы в центре Ташкента (на фото слева) оказались копией мемориала в память о погибших в результате теракта 11 сентября 2001 года (справа), который установлен в Нью-Йорке.
Часы в центре Ташкента (на фото слева) оказались копией мемориала в память о погибших в результате теракта 11 сентября 2001 года (справа), который установлен в Нью-Йорке.

Ташкент қаласының әкімдігі өткен аптада Grand Mir Hotel қонақ үйінің маңына тұрғызылған сағатты мұнараны бұзып тастады. Курант америкалық мемориал көшірмесі болуына байланысты осындай шешім шығарылған.

Өзбек астанасы орталығында АҚШ-тағы 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракт құрбандарына қойылған мемориал сағаттың көшірмесі пайда болғаны әлеуметтік желіде қызу пікір-талас туғызды.

Facebook қолданушылары мен бірқатар белсенді азаматтарТашкент әкімдігін плагиат жасады деп айыптады. 24 шілдеде түстен кейін жұмысшылар сары сағатты мұнараны бұзып тастады.

"Тіпті "Time to remember" деген жазуды да сол қалпында көшіріп алған. Өнердегі қылмыс", - деп жазды Facebook қолданушысы Vitaliy Khalzunov.

Ташкенттік блогер Мұрат Сарсенов теракт құрбандары мемориалының көшірмесі астанада не себепті пайда болғанын қала әкімшілігінен білгісі келген.

Бірақ Ташкент әкімдігі оның себебін түсіндіріп жатпады, бірақ мұнараны бұзу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG