Ссылки доступа

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлде қоры - 26,6 млн сом


Қырғызстанның ұлттық спорт түрлері жөніндегі дирекциясы III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қорын 26,6 миллион сом (390 мың доллардан асады) деп бекітті.

Көшпенділер ойындарының бағдарламасына 37 спорт түрі: бәйге, көкпар, ұлттық күрес жекпе-жектері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, садақ ату, "Салбуурун" ұлттық аңшылық және басқа да жарыстар енген.

Көкпардың жүлде қоры - 6 млн сом (шамамен 88 мың доллар), жеңімпаз 3 млн сомға ие болады. Бұған қоса "Ұлы көкпаршы" және "Ұлы көкпар аты" атақтарына 100 мың сомнан тігілген.

Күрес жекпе-жектерінің жеңімпаздары 70 мың сом алады. "Ұлы көшпенділер күресі" жарыстарының чемпионына 1 млн сом беріледі.

Қазіргі таңда Көшпенділер ойындарына 44 елдің спортшылары қатысуға ниет білдірді. 594 медаль - 174 алтын, 173 күміс және 247 қола сарапқа салынады.

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл 2-8 қыркүйек аралығында Ыстықкөл жағалауында өтеді. Бірінші және екінші Ойындар 2014 және 2016 жылдары өтті.

XS
SM
MD
LG